Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам - Саясаттану - Рефераттар - ::: Қазақша рефераттар, кітаптар, софт сайты :::

Қазақша рефераттар, кітаптар және софт

Бөлім категориясы

Астрономия [34]
Әлеуметтану, құқық [113]
Биология [54]
География [47]
Информатика [28]
Қазақ тілі мен Әдебиет [208]
Математика [7]
Саясаттану [36]
Тарих [160]
Химия [8]
Физика [50]
Философия, Мәдениеттану [88]
Экология [27]
Экономика [105]
*Реферат қосу* [136]
Егер осы сайтқа көмек ретінде өз рефератыңызды қосуға болады.
***Алаштың ардағы (Кітап) [175]
Іс қағаздарын жүргізу негіздері [23]

Кіру (регистрация)

Бүгін кіргендер

Статистика


Онлайнда: 11
Қонақ: 11
Қолданушы: 0

Рейтинг@Mail.ru

Рефераттар

Басты бет » Рефераттар » Саясаттану [ Материал қосу ]

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Жоспар:

1. Құқықтық мемлекет.
2. Биліктің жіктелуі, принциптің мәні
3. Құқықтың мемлекеттің негізгі белгілері
4. Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы
5. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны
6. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы





       1.Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.

       Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
        Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.
        Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
       Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
       Локк - Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
        Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді.
       Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.
       Маркс — құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық - Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде—мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
       Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады.
       Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.
      2.Биліктің тармақтарға бөлінуі құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
       Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.
      3.Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:
Заң — мемлекеттің ақылы.
Сот — мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.

      Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.
Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату — деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
       Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық аяқтауға мүмкшшілік бермеді.
       Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
       XX ғ. қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа экономикалық саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңітіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың мазмұны:
1) Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар...» деген мақал дұрыс келеді.
2) Нарықтық экономика арқылы халықтың еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін дамыту.
3) Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүддесін-мақсатын орындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек көрсетуге тиіс. Мемлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер кезінде қабылдап олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші бағытқа алу керек.
       Осы жаңа экономикалық саясат капталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
      Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет бұрып отыр.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады...
      Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік.
      Бірінші себебі - капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді капиталистік мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді.
Екінші себебі - Ресейде, Қытайда тағы басқа Европа - Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз-қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан» ірі буржуазия сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция экономикалық жағдай жасады.
     Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
- бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).
      Демократиялық мемлекет — Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі — «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық» (1-6. 2-т.).
      Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
     Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін - «заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін — «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.
Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды. Отандық кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды.

Құқықтық мемлекеттің белгі-нышандары:
1. Заңның үстемдік етуі.
2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.
5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі.

       4.Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.
        5.Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны .Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.
4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.
Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

      6. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
      Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
      Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.



Категориясы: Саясаттану | Қосты: (06.02.2011) | Автор: Салыкбаева Лаура E
Көрсетілімі: 6310 | Хабарламалар: 1 | Рейтингі: 3.3/3
Барлық хабарламалар: 1
23.11.2013
1. фариза
dvdvd

Тіркелген қолданушылар ғана хабарлама қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]

Жарнама

Жарнама / Реклама
(Сайт сатылады 60 000 тг) 
1ай / месяц = 2000 тг. 
mukhanov91@gmail.com

Сайт достары

...

Тапсырыс беру

Наурыз көже ойыны



Наурыз көже ойыны

Соңғы қосылған

1920-30 жылдардағы қазақ әдебиеті, даму сипаты
Адам құқығы мен бостандығы
Cаяси тәртіп
Атом және атом ядросы
Мұнай-химия кешені
17 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Жарық сүйгіш өсімдіктер
Мәдениет, оның мәні және ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
Автоматтандыру құрылғылары
Людвиг ван Бетховен